Менің анам ең сұлу адам. Анамда əр түрлі əшекей бұйымдар бар. Ол алтын алқасын тағып, қолына алтын сақинасын киеді. Анамда əжемнен мұраға қалған кимешек те бар. Анам наурыз мейрамында сəукеле жəне камзол киеді жəне алқа, сақина, білезігін тағып сəнденеді. Ол көрікті адам.