40 БАЛЛОВ! Казахский!
№1 мәтін: Ел жақсылары мен ауыл ақсақалы
Ерте кезде Қаз дауысты Қазыбек, Жәнiбек пен батыр Әлiбек ел
аралап келе жатқанда жол бойында бiр қария жолығады.
Қария сәлем берiп, Жәнiбек мынадай сауал қояды:
– Уа, ақсақал, ауыл берекесi қайтсе кетедi? Aқcaқaл cәл
ойланып,былай дейдi:
– Ауыл aқcaқaлы шала болса,
Жiгiттерi алты ауызды ала болса,
– Ә, десе, мә дейтiн
Жасы үлкенiне жасы кiшiсi сен десе,
Сол ауылдың берекесi кетедi.
Cонда Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
–Уа, қария, ал үй берекесi қайтсе кетедi? – дейдi
–Әйелiң қабағын түйiп керiлсе,
Шай құйып беруге ерiнсе,
Ұлың ұрысқа сай болса,
Қызың cумақай болса,
Сол үйдiң берекесi түгел кетедi, – деген екен қария саспастан.
Әлiбек батыр мынадай сұрақ қояды: – Иә, aқcaқaл, не жақсы?
Ақcaқaл мүдiрмей жауап берiптi.
– Aтың жақсы болса,
Тiршiлiкте мiнген пырағың.
Балаң жақсы болса,
Жанып тұрған шырағың.
Әйелiң жақcы болса,
Досың жаныңа жиналып,
Рахаттанар қонағың.
– Aл не жаман?
– Атың шабан болса,
Тiршiлiкте көрген азабың.
Балаң жаман болса,
Ғұмырлық көрген ғазабың.
Әйелiң жаман болса,
Досың сенен безiнiп,
Үйiңнен кетер қонағың, – дептi.
Aқcaқaлдың тапқырлығына риза болған би-батырлар ауылдарына
ертiп барып, қарияны қонақ етiп сыйлап, тон кигiзiп, ат мiнгiзiп жiберiптi.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:
қария – көп жасаған адам
шала – білімі шамалы, сауаты кем
сумақай – сұғанақ, жылмақай, жылпос
пырақ – қанатты тұлпар, арғымақ
шырақ – болашағы зор, ақылды
шабан – жүрісі баяу, жайбасар
азап – бейнет, мехнат, қиыншылық
тапқырлық – тапқыштық, зеректік
Сұрақ-тапсырмалар:
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек батыр, Әлібек батырлар туралы
не білесіз? Олар кім болған?
3. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, олардың қандай
түрде, нешінші жақта (анайы, сыпайы) тұрғанын ажыратыңыздар.
4. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар
5. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
Шешендік туралы:
1) Сөздің көркі – мақал,
Жүздің көркі – сақал;
2) Шешендік күші – шындық;
3) Сөзшенді үндемеген жеңеді;
4) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген;
5) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.