Қайырымдылық деген- жаныңды салып мұқтаж адамға көмек беру. Қайырымдылық тек қана материалдық көмек емес, бұл жанашырлық, жылы шыраймен рухани да қолдау білдіру. Біз басқаларға да қол ұшын бере отырып, адамның да, өзіміздің де өмірімізді нұрландырып өзгертеміз. Қасымызда жақсы пейілді адамдардың болғаны қандай керемет! Біздің халқымыз қашанда жомарттықты адамның асылы тұтқан. Жігіттерді мəрт болуға үйреткен, қыздарын жанашыр болуға шақырған.