Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Ауладағы бау-бақшада,
Алма ағашын баптадым.
Майдандағы ағама,
Сегіз алма сақтадым.
Алма ағаштан үзіліп,
Сегіз алмам сарғайды.
Сарғайған алмаларға,
Әлдекімдер арбайды.
Сарғыш тартқан алмамды,
Ақ кеседе сақтадым.
Жан ағамды ойлаумен,
Жанға тыным таппадым.