Переведите пожалуйста текст по каз.яз Қазақ халқы үлкенді сыйлайды. Ақ сақалды атаны, ақ...

0 голосов
127 просмотров

Переведите пожалуйста текст по каз.яз
Қазақ халқы үлкенді сыйлайды. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені сыйлайды. Қазақ дәстүрінде дастарқанға жасына қарай отырады. Алдымен үлкендерге төрден орын береді. Біздің халық жас адамдарды төрге отырғызып, ақсақалдар мен әжелерді төмен отырғызбайды. Ондайда үлкендердің "Әттеген-ай, жасына қарамай жоғары шығып кетті-ау..." деген ойының өзі төрге ұмтылған жастарға жақсы болмайды. Сіз де қартаясыз, "Атаңа істегенің алдыңа келеді" дейді. Ертеңгі күні жастар орын берсін десеңіз, жастар сізді сыйласын десеңіз, бүгін қартты құрметтеңіз!
Үлкен адамның алдында дауыс көтеріп сөйлемейді. Қарсы сөз атпайды. Алдынан кесіп өтпейді. Үлкеннен бұрын үйге кірмейді, дастарқанға қол созбайды. Бұл - қазақ халқына тән тәрбие, сыйластық.
Қазақта "Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы бар. Жасына, қызмет лауазымына, атағына қарамай барша адамды сыйлаудың белгісі. Барлық ұлы істер адамдықтан басталады.


Қазақ тiлi (94 баллов) | 127 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Наш народ всегде помогает ( незнаю как переводится сыйлайды но я написала помогает ) взрослым.Они всегда готовы помочь пожилым людям.По традиции встоле сидят по возрасту
Дальше не могу текст можно скопировать и в переводчик написать и все!

(32 баллов)