Сына жазуы, шумер жазуы – б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды шумерлер, аккадтықтар, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына жазбаларында сақталған.