Помогите пожалуйста. Очень срочно. Казахский язык((( Ғаламтордан " қазақстанның қызыл...

0 голосов
358 просмотров

Помогите пожалуйста. Очень срочно. Казахский язык(((

Ғаламтордан " қазақстанның қызыл кітабына" енген 1кұс пен 1 аң туралы мәлімет тауып жаз. Тапқан ақпараттарыңды ауызша баянда


Қазақ тiлi (24 баллов) | 358 просмотров
0

очень срочно. Завтра утром первым уроком казанскому. Пожалуйста

Дан 1 ответ
0 голосов

Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген

(59 баллов)
0

Іле жорғаторғайы (лат. Podoces panderi ilensis) –торғай тәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын жорға торғайдың бір түршесі. Қазақстанда тек Оңт.Балқаш  өңірінде, негізінен Сарыесі Атырау (Іле  мен Қаратал өзендерінің аралығында), бірен-сараныТауқұм,  Лөкқұм  және Қосшағылда  кездеседі. Сайрауықтан көп үлкен емес, салм. 80 – 100 г. Басы мен жоны көкшіл сұр, бауыры солғын қызғылт, құйрығы қара. Алқымында, қанатында қара дақтары бар.

0

Алқымында, қанатында қара дақтары бар. Ұшқанда тамағындағы және қанатындағы ақ дақтар анық көрінеді. Нашар ұшатын болғандықтан, негізінен жерде тіршілік етеді.  Сексеуіл  сирек өскен құмды шөлдерді мекендейді