Сочинение ** тему Менің мекен жайы

0 голосов
109 просмотров

Сочинение на тему Менің мекен жайы


Қазақ тiлi (20 баллов) | 109 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала және мектебім. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Балқаштан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көшем мен үшін өте ыстық. Менің туған жерім, туған қалам қандай әдемі, қандай көрікті! Туған жерімнің әсем табиғаты, көкше көлі, бой түзеген әсем үйлері, тарихи ескерткіштері бәр-бәрі менің қалама көрік беріп тұр. Көгілдір көкше көлімнің өзі қандай, жанға сая, шипа десеңші! Бұл көкше көлге демалушылар жылдан – жылға көбейіп келеді. Қазір қаламның әрбір шағын аудандарында балаларға арналған демалыс орындары орнатылған. Осындай демалыс орындарында тек бақытты балалық шақтың үні ғана естіледі.



(18 баллов)
0

мне нужно сочинение на тему мой адрес на казахском