Арман адамды қанаттандырады. Адамның арманы ешқашан таусылмайды, яғни армансыз адам болмайды. Әркімнің арманы өзінің жасына, біліміне, өскен ортасына байланысты болса керек. Менің әзірге арманым жақсы оқып, тиянақты білім алу. Адал да, мейірімді болып өсіп, өз жетістіктеріммен ата-анамды қуанту. Мен "Алтын балықтан" ешнәрсе күтпеймін, жетістіктерге өз еңбегіммен жеткім келеді. Арманға жетудің кілті адал еңбек. Ал, еңбектену үшін білім керек. Білім алу үшін көп оқып, көп білуім керек. Міне, менің әзірге арманым осындай. Менің ата-анам мен үшін үлгі. Олар көп жетістіктерге қол жеткізген. Олар бізге бұның бәрі біздің біліміміз бен адал еңбегіміздің нәтижесі,- дейді.