Cаяхатқа шығу көптен бергі арманым еді. Міне, сол арманым осы жолы орындалды. Менің саяхатым әсем қала, бұрынғы астанамыз Алматыдан басталды. Әрине, менің шағын қаламнан кейін Алматы мен үшін бір ертегідегі қаладай көрінді. Неткен керемет, әсем қала еді. Жәй көшеде жүргеннің өзіне жаның жадырайды. "Көктөбеге" көтерілу, "Медеуде" болу мен үшін айтып жеткізе алмайтын ерекше бір әсер қалдырды. Мен үшін бұл саяхат өте есте қаларлықтай болды.