Сəлем, Алена. Менің саған жазған себебім, сенімен қуанышты хабармен бөліскім келді. Мен футбол үйірмесіне баратын болдым. Бағыма орай, онда соңғы орын бар екен Менің ойымша, бұл мен үшін керемет мүмкіндік, себебі, спорт денсаулыққа пайдалы. Шынымды айтсам, мен футболға 13 жасымнан бастап қызықтым. Көптеген матчтарды көрдім. Менің сүйікті құрама командам " Манчестер Юнайтед". Ал Қазақстандағы сүйікті құрамам -"Қызыл жар". Əрине, маған сабақ пен футболды қатар алып жүрген оңай болмайды, бірақ мен тырысатын боламын. Менің сенен сұрағым келгені, саған футбол ұнайды ма? Жауабыңды күтетін боламын.