Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, шылауыш және т.б.
Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.