Әрбір адам жер бетінде өмір сүргеніне қуана білуі керек және тек адамдардың өміріне ғана емес, жәндіктермен өсімдіктерге де құрметпен қарауы керек. Бір затты қолдан жасап, оған өмір силай алмайтындығын түсіну керек. Адамдар қазір робот жасауды үйренді бірақ, оған жасанды тән бергенімен, жан бере алмайды. Өз өміріңді бағалай білу керек, әрбір күніңе қуана білу керек, өзгенің өмірін ешқашан жоюға болмайды. Бұған ешкімнің құқығы жоқ.