Диалог ** тему достопримечательности ** казахском

0 голосов
58 просмотров

Диалог на тему достопримечательности на казахском


Қазақ тiлi (19 баллов) | 58 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көрікті жерлерінің галереясында жазық далалы, бетегелі-жусанды алқапта орналасқан, 80 жылдан астам тарихы бар байырғы Наурызым қорығының алатын маңызы зор. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га) бұл мемлекеттік қорық Қостанай облысының Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан. Қорық 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га) қайта құрылды. Оған Тірсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың гектар тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне де бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя салуына мүмкіндік береді.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-korikti-zherleri-nauryzym-korygy_a2863256

(103 баллов)