Помогите очень прошу Вас , не бросайте в беде ?выручите нужно ответить ** вопросы . с...

0 голосов
108 просмотров

Помогите очень прошу Вас , не бросайте в беде ?выручите нужно ответить на вопросы . с текста
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1)Шәкірт ұстазына не деп мұның шақты?
2) Ұстазы шәкіртіне қандай сұрақтар қойды?
3)Жігіт қалай жауап қайырды ?
4)Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
5) Жігіт қандай байлыққа ие боп тұр ?
6)Өткен сабақты еске түсіре отырып , үш байлықты атандар .
7)Сен үшін он екі мүшеңнің саулығы байлықпен тең бе?
текст; Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйледі. «Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің?» – деді ұстазы. «Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың» және шәкіртінің қолын көрсетіп сұрады: «Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?».
«Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін» деді жігіт. «Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды?» – деді ұстаз.
«Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім», – деді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке:
«Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?» – деді.


Қазақ тiлi (12 баллов) | 108 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1) Өзінің кедей екендігін, көргені жоқшылық екендігін айтып мұңын шақты
2) Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат берер ме едің? Көздеріңді, құлақтарыңды, аяқтарыңды қаншаға берер едің? - деген сұрақтар қойды
3) Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім-деп жауап берді
шәкірті
4) Байлық ақшамен өлшенбейді. Адамның басты байлығы- он екі мүшесінің саулығы. Сондықтан барымызды бағалай білейік.
5) Баға жетпес байлыққа ие болып отыр.Он мүшесінің саулығы- баға жетпейтін байлық
6 Өткен сабақта не өткендеріңізді білмеймін -
7) Әлбетте. Баға жетпес байлық!

(14 баллов)
0

5) Он екі мүшесінің саулығы - баға жетпейтін байлық