Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)