Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады.Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі — лингвистер арасында қызу пікірталасқа толы тақырып, себебі, ең алдымен, латын әліпбиі арқылы тіліміздің төл дыбыстарын қалай белгілеуіміз, және ол белгілеулердің тіліміздегі заңдарға барынша сай әрі ыңғайлы болуы — бәрі зор маңызға ие.Латынға көшу себептерінің талқысы бірнеше онжылдықтар қатарынан ел аузында жүргесін, оған көшкендегі келер пайда әрі көшуге деген түрткі жайт — әлдеқашан есті жұрттың назарында.