Су негізінде адам ағзасына ауадай қажет екенін бәріміз білеміз. Сусыз өмір жоқ. Оның ішінде ауыз судың маңызы зор. Ауыз су барлық санитарлық талаптарға сай болуы керек. Ауыз су құрамындағы минералдық заттар залалсыз мөлшерде болғаны дұрыс. Таза су денсаулық кепілі десек артық емес.