Нан – қасиетті тағам
Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан – байлық. Бірақ, осы асыл тағамның қасиетін, кейбір балалар түсінбейді.
Бірде Сәкен мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып, лақтырып тастады.
-Әй, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, бүкіл ауыл азаматтары, егінжайда астық үшін арпалысып жүрміз. Ал сендер, аппақ нанды үзіп-жұлып жеп, қалғанын жерге тастайсыңдар, - деді ренжіп әкесі. Ол үндемей келе жатты да:
-Кешір, көке! – деп артқа қарай жүгіре жөнелді де, жаңағы тастаған нанын алып келді.