ХХ-ХХІ ғасырлар тіл білімі тоғысында ру,
тайпа, этнос, ұлт, халық сияқты этномәдени
ұғымдар өз болмысын айқындау үшін “Тіл –
Адам – Мәдениет” үштағандарына иек артып,
ұлттық дүниетанымның, ұлттық рухтың, ұлттық
ерекшеліктің күрделі табиғатын танып білуге
кешенді түрде бағытталған антропоцентристік
парадигмадағы когнитивтік, лингвоконцеп-
туальдық, линогвомәдениеттанымдық, этнолин-
гвистикалық, психолингвистикалық, коммуни-
кациялық, лигнвопрагматикалық, лингвоелтану,
мәдениаралық қарым-қатынас зерттеулеріне
ерекше назар аударуда.
Антропоөзектік бағыттың зерттеу ұстаны-
мында объективтік дүниедегі барлық нәрсе
адамның өзінен бастау алатыны дәйектеліп те,
дәлелденіп те келеді. Яғни, күллі зерттеу ұста-
нымы адамның ақыл-ойы, санасы, дүниета-
нымы, көріп білген өмір тәжірибесі арқылы
жүзеге асырылады. Бұл когнитивті-концеп-
туальдық жүйеде ерекше көрініс береді.