Күздің бір күнінде біз саяхатқа шықтық
Күздің жайдарлы күндерінің бірі. Мен жəне досым Самат екеуміз, ауылдың табиғатын тамашалау мақсатында, саяхат жасауға шықтық. Самат екеуміз мектептегі қызықтарды айтып жолымызды қысқарттық. Əңгімеміз қызып кеткені сонша мелгілеген межеге жеттік. Ауылымыздың табиғаты қандай əсем еді! Табиғаттың əсемдігіне тамсанып бірнеше сағат отырып, үйге қайттық.