Бүгін тапсырыс берілген Нұршат тойханасында ағамның үйлену тойы болды. Астана өңірінен келген асабаның саңқылдаған даусымен тойдың тұсауы кесілді. Ағам Серік пен жеңгем Елдана ортаға жарқ етіп тойға кіріп келді. Айнала жарқ-жұрқ еткен түрлі-түсті шамдар тойхананың шырайын келтіріп тұр. Дүрс-дүрс музыка даусынан тойға жиналған қауымның дауыстары қоңыр-күңгір болып естіліп, той тура базарға айналды. Бірақ, айрықша күнді жақсы өткеріп алдық.