Эссе по казахскому ** тему трёх язычее 100 слов

0 голосов
54 просмотров

Эссе по казахскому на тему трёх язычее 100 слов


Қазақ тiлi (36 баллов) | 54 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазіргі таңда бүкіл әлемде өмір сүріп жатқан адамдар сан алуан тілдік ортада өмір сүруде. Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі – қазақстандықтардың үш тілді меңгеруі болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы және ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуде тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде.

Көп тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып отыр. 

(150 баллов)