Жылу қозғалтқыштарының адам өміріндегі маңызы реферат

0 голосов
140 просмотров

Жылу қозғалтқыштарының адам өміріндегі маңызы реферат


Қазақ тiлi (12 баллов) | 140 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адамзат өз өмірінде механикалық жұмыс жасауға арналған қондырғыларды қозғалтқыштарды қашаннан пайдаланып келеді. Олар энергияның қандай түрін механикалық энергияға айналдыратынына байланысты жылу механикалық электр қозғалтқыштары болып бөлінеді. Жылу қозғалтқыштары кең қолданыс тапты. Жылу қозғалтқыштары деп отынның-ішкі энергиясын механикалық айналдыратын қозғалтқыштарды айтады. Жылу козғалтқыштарының конструкциялары әрқилы, бірақ олардың барлығына да тән бір қасиет бар, ол циклдік процесс, соның нәтижесінде жұмыстық дене бастапқы қалпына кайтып оралады. Демек, жылу қозғалтқыштары дөңгелек цикл бойынша жұмыс атқарады. Дөңгелек цикл деп термодинамикалық жүйенің бірқатар аралық күйлерді өтіп, бастапқы күйге қайтып оралатын процесі аталады. Дөңгелек процестерде басты рөлді олардың өту бағыты атқарады, себебі термодинамикалық жүйенің өзгерісі екі бағытта өтеді (температураның артуы және төмендеуі, сығылуы және ұлғаюы).
Циклдік процестер қайтымды және қайтымсыз болып екіге бөлінеді. Қайтымды деп газдың 2-күйден 1-күйге өткенде оның 1-куйден 2-куйге өткен кездегі аралық нуктелерін басып өтетін процесс аталады. Қайтымсыз процестерде бұл жоқ. Демек, қайтымды процесс дегеніміз — жүйені бастапқы күйге қоршаған ортада ешқандай өзгеріс тудырмай алып келуге мумкіндік беретін процесс болып табылады. Қайтымды процестері вакуумды абсолют серпімді шардың абсолют серпімді плитаға түсуін, маятниктің тербелісін жатқызуға болады. Үйкеліс болатын кез келген процесс — қайтымсыз, себебі үйкеліс кезінде механикалық жұмыстың бір бөлігі жылуға айналады. Осыдан кез келген реалды процестің қайтымсыздығы реалды процесттың қайтымсыздығы шығады. Қыздырылған денеден салқынырақ денеге жылу берілу арқылы өтетін барлық процестер қайтымсыз. Газдың ұлғаюы қайтымсыз процесс, себебі газ өздігінен сығыла алмайды. Әр түрлі процестердің қайтымдылық дәрежесі түрліше болады және оның практика үшін маңызы зор.

(48 баллов)