Тілші – тіл маманы әрі саясаткер, шындық жақтаушысы әрі халық пен үкіметтің арасындағы көпір, халық жаршысы әрі адамгершілік қорғаушысы. Тілші - діни, заманауи, саяси, ғылыми, әдеби жағынан түсінігі мол, әлемдегі барлық саладан хабардар, жан-жақты дамыған тұлға. Халыққа қалтқысыз бәрін жеткізетін, халық үшін аянбай қызмет ететін, халық тағдыры жолында бәріне де төзетін, халық келешегі үшін жағдай қарастыратын да – тілші.
Тілші болу, ақ параққа жүректен шыққан сырлы сөзімді жазу . Халықтың көкейін тескен сан сұрақтың жауабын тауып, елдің қалауын жырлау.