Ас - адамның арқауы Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар (жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейді. Бұған бой алдыpмас үшін тамақ ішу тәpтібін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, тиімді тамақтану қажет. Тез дайындалатын тағамдаpмен тамақтанбаған абзал. Тамақтану тәртібінің тағы біp маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, т.б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар асқоpыту жұмысының жүйесін бұзады. ТМД елдерінің жетекші ғалымдары тамақтық заттар мен оның күнделікті рационының калориялығына қажеттілік нормаларын жасаған. Осы ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес 14-17 жастардағы жасөспірімдердің тәуліктік тамақ рационының калориялығы 2900 килокалорияны, осы жастардағы қыздар үшін 2600 килокалорияны құрауы қажет. Ал ересек адамдар үшін тамақ калориялығы күш-қуатты жұмсау көлеміне байланысты белгіленеді.