Міне досым!Бұл біздің қазақ елі.Өзің көріп тұрғандай асқар таулары мен бай табиғаты көз аларлықтай таңғажайып.Мұнда қазіргі замандағы биік мұнаралары бар әсем қалалар және флора мен фаунаға бай алқаптар,өзен-көлдер көпшілік.Қазақстанның елордасы-Астана қаласы.Өзі айтып тұрғандай-ақ бас әрі жас қалалардың бірі.Қазақстанның батыс бөлігінде мұнай өндіріледі,және әлемге әйгілі Каспий теңізі де бар.Ал солтүстік жағында көптеген шекаралас мемлекеттермен шектесетін Ертіс өзені жайылып жатыр.Көне Түркістан-ата-бабалардың көзі тарих мұрағаты.Қазақстандағы Швейцария деп аталатын тамаша орын ол біздің Бурабай.Тау-тасты,орманды-көлдері көп әрі таза ауа да тынысыңды кеңейтеді.Бурабай жайлы көпшілікке аңыздар да таралған.Қазақстан-өркендеп өсіп келе жатқан мемлекет.Жақында бұл мемлекетте ЭКСПО-2017 табиғатқа арналған көрме өткізілді.Бұл біз үшін аса үлкен жетістік болды.Міне біздің еліміз осындай.Адамдары қонақжай әрі ақкөңіл.Әр шет елдікті өз бауырындай қарсы алады.