Эссе ** тему Менің елім -менің мақтанышым Пж помогите

0 голосов
278 просмотров

Эссе на тему Менің елім -менің мақтанышым
Пж помогите


Қазақ тiлi (12 баллов) | 278 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Менің елім мәңгілік ел!
Атамекен! Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз.

Қазақ деген ұлы алаш деп есте,
Сан ғасырлар куәсі боп елес те?
Мақтан тұтам қазақ боп туғанға,
Бар ғаламға атым мәлім емес пе?... демекші, мен де төрткүл дүниеге әлем назарын аудара білген, қызыға да, қызғанышпен де, көз тіккен ұлы қазақтың қаны кеудемде, жүрегім мың өліп, мың тірілген қазақ баласы болып туғаныма аллаға шексіз ризамын. Ел ел болып, мықты тұғыры беки бастаған кезде, Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан, Әбілхайыр хандар әділдігімен таққа иелік етсе, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер халық түйінін дау дамайсыз шеше білді. Жоңғар шапқыншылығының хандық құрсауынан аман қалып, елдің сана - сезімін ұшқындата оятып, ағартушылықпен сара жолға бет бұрған, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт - гауһары екенін мақтан тұтамын.
Адамзаттың ұлы да даналары,
Болған еді 37 - нің құрбандары.
Халық жауы атанып атты бәрін,
Ел үмітін ақтаған жанаттары.
Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,
Өтті ғой талайлардың тарландары.
Өзді - өзі балта шауып басына,
Құртып алды қазақтың алаштарын.
Бейімбет, Сәкен, Ілияс,
Мағжанда бар қиғаш қас.
Жер жүзіне паш етер,
Қазақ деген ұлы жас.
Аталардың рухына,
Тағзым еттім иіп бас.
Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,
Маңғыстаудың Ақбөбегі тарихта қалған.
Ұлжан, Зере, Домалақ, Айшабибі,
Динаның домбырасында күй боп тартқан.

(126 баллов)