Отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі балалардың орта білім алуына кедергі болмауы тиіс. Мұндай ұранмен Білім және ғылым министрлігі таяуда «Мектепке жол» бағдарламасын жариялаған. Бүгін белгілі болғандай, министрлікке қаржылық көмек сұраған әзірге 200 отбасыдан өтініш келіп түскен.