Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі етпен сорпа...

0 голосов
159 просмотров

Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі етпен сорпа әкелді. Бала сорпаны татып қарады да: «Бүгін сорпа дәмсіз екен»-деді. Шешесі айтты: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп беремін»,-деп. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне, бек шаршап, кешке үйіне келді. Кешкі тамаққа шешесі түстен қалған сорпаны, нанды дастарқанның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да, айтты: «Түстегі сорпаңнан мына сорпа дәмдірек», - деп.


Сонда шешесі айтты: «Бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған сорпаның дәмдә болғаны – сен түстен кейін жұмыс қылып, бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде тек отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді», -деп.


Қазақ тiлi (78 баллов) | 159 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сұрақ қандай?? Сұрағын жаз!!

(118 баллов)