Қоға (Typha) – дара жарнақтылардың қоға тәрізділер тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанның Тобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан,Балқаш, Алакөл, т.б. өзен-көлдердің жағалауларында және Қызылорда, Ақтөбеоблыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдарияөзенімен Шиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі. Биіктігі 3 – 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі. Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы – собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құнд