Помогите ответить ** вопрос по қазақ әдебиет :"Дүниеде не өлмейді? "-деген сұраққа...

0 голосов
134 просмотров

Помогите ответить на вопрос по қазақ әдебиет :"Дүниеде не өлмейді? "-деген сұраққа Жиренше қалай жауап берген?


Қазақ тiлi (17 баллов) | 134 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Жиренше шешен

Дүниеде не өлмейді?
kz201503.12.20150159200
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:

Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
(48 баллов)