1. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Сушы. В) Үйді. С) Көлдің. Д) Кітапқа. Е) Бала.
2. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Елім. В) Елдік. С) Елмен. Д) Елде. Е) Еліміздің.
3.Септік жалғаулы зат есімді анықтаңыз.
А) Жердің. В) Аналар. С) Мапқсатым. Д) Оқытушымын. Е) Даласы.
4. Туынды түбірді табыңыз.
А) Жапырақ. В) Бөлім. С) Мектеп. Д) Арыстан. Е) Мәдениет.
5. «Бала» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) –шы. В) –лық . С) –тың. Д) –лік. Е) –ші.
6. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Балалар, оқушы, қыз. В) Отбасы, саяжай, белбеу. С) Қызыл, жасыл, көк. Д) Ешкім, ештеңе, әлдекім. Е) қыс, жаз, күз.
7. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық. С) Сынып. Д) Жаңа. Е) Бол.
8. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің. Е) Мемлекетім.
9. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай. В) Білгіш. С) Орман. Д) Оқушы. Е) Кітап.
10. Оқу құралдарын табыңыз.
А) Қалам, сызғыш, кітап, дәптер. В) Есік, тақта, шкаф, қабырға. С) Еден, терезе, желдеткіш.
Д) Ағаш, шөп, жапырақ , гүл. Е) Асық , ойыншық , шаңғы, доп.
11. Түбірлес сөздер тобын табыңыз.
А) Күрес, тартыс, арпалыс. В) Үнемді, тиімді, пайдалы. С) Сұлу, әдемі, көркем.
Д) Паналау, панасыз, пана. Е) Тіршілік, орталау, улы.
12. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
А) Белдік. В) Сағат. С) Білім. Д) Кітап. Е) Қызметкер.
13. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
А) Қолбасшы. В) Әуежай. С) Қолғап. Д) Тілші. Е) Дәптер.
14. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді табыңыз.
А) Дәптердің . В) Дәріге. С) Қаламмен. Д) Балалық . Е) Үйлер.
15. Жұрнақ жалғанған сөзді анықтаңыз.
А) Балалар. В) Оқушылар. С) Мұғалімге. Д) Ақкөңіл. Е) Сабыр.
16. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
А) Жел. В) Өмір. С) Ағаш. Д) Көңіл. Е) Ауа.
17. Жалқы есімді табыңыз.
А) Қарлыға. В) Дуадақ. С) Қарға. Д) Сауысқан. Е) Тауық .
18. Негізгі зат есімді анықтаңыз.
А) Білім. В) Жақсылық . С) Адам. Д) Қойшы. Е) Бұрғы.
19. Зат есімді көрсетіңіз.
А) Өлең айт. В) Осында. С) Әдемі. Д) Жыл. Е) Сұр.
20.Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің қатарын анықтаңыз.
А) Сағат, мектеп, қалам. В) Кеше, бүгін, ертең. С) Әдемі, жақсы, таза. Д) Оқушы, сатушы, биші. Е) Бес, он бес, сегіз.
21. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
А) Жазу. В) Аяқ . С) Он алты. Д) Бұлтты. Е) Қара.
22. Жалпы есімді табыңыз.
А) Абай. В) Алатау. С) Балқаш. Д) Көкшетау. Е) Тау.
23. Күрделі зат есімді анықтаңыз.
А) Азық-түлік. В) Тағамдар. С) Нан. Д) Сушы. Е) Аспаз.
24. Етістіктен жасалған туынды зат есіді табыңыз.
А) Қаламсыз. В) Тарақ . С) Еңбекші. Д) Жерлес. Е) Басшы.
25. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.
А) Оқушы. В) Бала. С) Ой. Д) Ағаш. Е) Кітап.