Үшінші сыныптықтар арасында тіл апталығы өтті. «Білгіштер» жарысында жай сөйлемді талдау тапсырмасына «Маралдың мүйізінен әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады» деген сөйлем берілді. 3ә сыныбынан шыққан Мәлік бұл сөйлемді жайылма деп дұрыс айтқанымен, тұрлаулы мүшелер қатарына «әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады» дегенді жатқызды. Ал сен Мәліктің орнында болсаң, қалай жауап берер едің?