Помогите пожалуйста перевести.
Жеке кәсепкерлік - азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер,әдетте,кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады,барлық тәуекелді әзінәң мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып,не пайдаланбай жүзеге асыралады,сонымен қатар заң актілермен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:
1) мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
3) келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;
4) еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
5) шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
6) жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
7) бағалар мен тарифтерді белгілеу;
8) таза пайданы пайдалану;
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді. Әрине, бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді.