Сабақ уақыты біткеннен кейін мен үйге қайтамын. Киімімді ауыстырып, түскі ас дайындаймын. Дастархан жайып, түскі асымды ішіп аламын. Одан кейін үй шаруаларын істеймін, яғни бөлмелерді жинастырамын, ыдыс жуамын, анама көмек беремін. Біраз уақыт демалуды жөн көремін. Тынығып болған соң сабағымды оқуға кірісемін жəне бауырларыма да сабағын оқуына көмектесемін. Кешкі уақыт жақындаған кезде дастархан жайып, ас дайындаймын. Бəріміз кешкі асымызды ішіп болған кезде ас орнын жинауды бастаймын. Бəрін істеп болғаннан кейін жуынып, тазарып ұйқыға жатамын. Міне, менің бір күндік үйде не істейтінім жайлы айттым.