Дулат Бабатайұлы "О, Актан жас,Ақтан жас" не туралы айтылған

0 голосов
632 просмотров

Дулат Бабатайұлы "О, Актан жас,Ақтан жас" не туралы айтылған


Қазақ тiлi (29 баллов) | 632 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

    Бата-тілек, аттандыру мазмұнындағы арнау өлең. Дулат Ақтан деген жетім бала арқылы ел қорғауды жырлай отырып, ел тәуелсіздігін аңсаған.  


(1.7k баллов)
0

ен сонгы сооз тусенбеймен

0

Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "О, Ақтан жас, Ақтан жас" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді, баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді. Ақын Ақтан бала ер жетіп, "бадана көз тоғыз тор сауыт" киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.

0

Дулаттың ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.
Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.

0

Дулат Бабатайұлының бұл өлеңі 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Тілі көркем де, шұрайлы. Әсіресе, халқымыздың бұл күнде көнерген этнографиялық атаулары молынан кездеседі. Негізі жырдың түп мақсаты Дулат жыраудың өмір сүрген заманына байланысты. Ол кезде мақсат қазақ жерін жаудан қорғау болды. Ақын қоршаған жаудан жерді қорғау, жерді ешкімге билетпеу, өз жерімізге Ақтандай ұлдар ие болып, тәуелсіз, ешкімге тәуелді емес, еркіндікті меңзеген.

0 голосов

Ақтанның жетімділігі туралы.Өмірі әлі алда туралы айтылған.

(30 баллов)