Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты-Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.