Менің есімім Вика. Менің жасым он екіде. Мен екі мың бесінші жылдың үшінші тамызында Петропавл қаласында туылдым. Мені ата-анам қатты күткен. Балалық шағымның қалай өткені менің есімде, ол өте көңілді болды. Балалық шағымда менің достарым көп болды. Біз әруақытта аулада қыдырып, әткеншек тебетінбіз. Қазір біз өстік, мектепте оқимыз. Кейбір достарымды көріп тұрамын. кейбіреулері басқа мемлекетке тұруға кеткен. Таныс көшелермен жүргенде мен балалық шағымды еске аламын. Мейлі, мен өте ересек болмасамда, менің сондай балалық шағым енді болмайды. Мен осында туылдым. Бұл жерде маған бәрі жақын.