Ит басына іркіт төгілген- молшылық,ағыл-тегіл.
Ит көйлекті бұрын тоздырған.- бұрынырақ туылған, сәл үлкен.
Ит байласа тұрғысыз-күйсіз жер,тіпті итке де жайсыз.
Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан- долы, бейпіл ауыз адам.
Иненің көзінен өткен- ептң, шираө адам.
Шөп арасынан ине іздегендей-таптыруы қиын зат.
Инемен құдық қазғандай- өте қиын, көп еңбекті керек етеді.
Ине шаншар жер жоқ-тығыз,отыратын жер жоқ.
Инені жіпке тізген-бәле қуған адам, күншіл.
Көген көз- балалық шақ.
Көз байланған уақыт-қараңғы түскен мезгіл.
Көз жаздырып кету-алысқа ұзап кету,көзге көрінбейді.
Көзге сүйел болу-Жеккөрінішті болу.
Көзі алақандай болу-қорқу.