1.Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы [1]) — грек-рим күресінің палуаны,
спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген
спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980),
Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін
Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген
жаттықтырушысы
1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,1981 жылы әлем чемпионы,1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.1984 жылы Красноярск
қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық
Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде
ұйымдастырылды.1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.