Напишите пожалуйста сочинение ** казахсклм языке ** тему:"Бурабай Қазақстанның Швецариясы...

0 голосов
100 просмотров

Напишите пожалуйста сочинение на казахсклм языке на тему:"Бурабай Қазақстанның Швецариясы "
Пожалуйстааа!!!
Если можно то с переводом!
Даю 20 баллов


Қазақ тiлi (83 баллов) | 100 просмотров
0

Сколько слов?

Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Қазақстанның інжу-маржаны , таңғажайып әндер мен поэтикалық аңыздар өлкесі- Бурабай. «Жүз рет естігенше, бір рет барып көр»,-деп  дәл осы әсем өңір туралы айтылғандай. Бурабайдың әр тасы, мәңгі жасыл орманындағы соқпақ жолдары, суы мөлдір көлдері тұнып тұрған аңыз сияқты.Алыстан қол бұлғап, мұнартып көрінетін көгілдір тауларды бойлай  таласа  өскен қарағайлар көкке ұмтылады.Айнадай жарқыраған көлдердің жағалауында қалың көктеректер мен жайқалып өскен , мың бұралған аппақ биші қайыңдар ерекше сән бергендей. Шілде айында мөлдіреп піскен жабайы таңқурай, қойбүлдірген,жидектің хош иістері мұрныңды жарады.Дәмін татсаң, тіліңді үйіреді. Бурабайдың ауасы дертке дауа, өйткені қылқан жапырақты ағаштардан бөлінетін эфир майлары өкпе ауруларына мың да бір ем екендігін медицина баяғыда дәлелдеген. Жазда бұл өңірде ыстық болмайды.Қысы сонша суық болмайды, тек қаңтар айында ғана сары аяз өзінің өр мінезін көрсетіп, солтүстіктің суық мінезін  танытады.

 Бурабай -киелі жер.Үш жүздің басын қосып, ат тұяғын дүбірлетіп, ұрандап жауға аттанған ер Абылайдың қонысы.

Зұлмат жылдары Бурабайдың ну орманы, тау мен тасы қазақтың біртуар азаматы Сәкен Сейфуллинге пана болып, Көкшенің көркін айрықша ақындық қуатпен үздік бейнелеп:

Оқжетпес кербез сұлу боянбаған,

Керіліп, кернеу тартып оянбаған.

Айнаға алдындағы мәңгі қарап,

Өзінің көркіне өзі тоя  алмаған,-деп Оқжетпесті жанды бейне кербез тұлғасында айшықты нақты елестетеді. Шын мәнінде, Бурабай-кербез сұлу, көркем жер. «Қазақстанның Швейцариясы» атанған жерде туып-өскеніме қуаныштымын! Бурабайға келіп, дем алған адамдар бір серпіліп, күш-қуат алары сөзсіз. 

(64 баллов)
0

Надеюсь помог !

0

А это точно на мою тему?

0

Да