Алмаз Шарман 1960 жылы Қарағанды облысының Ұлытау селосында, 1971-1982 жылдар аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болған, қазіргі кезде Қазақстан тамақ академиясы президенті- дәрігер Төрегелді Шармановтың отбасында туылған. 1982 жылы Алмаз Шарман С.Д. Асфендияров атындағы Қазақтың Ұлттық медициналық университетін врач-терапевт дипломымен аяқтаған. 1983 жылы Москвада Иммунология институтының аспирантурасына түсіп, 1985 жылы иммунитеттік қорғанысқа антиоксиданттармен про-оксидаттардың әсері тақырыбына кандитаттық диссертация қорғаған. Онан соң клиникалық иммунология саласында жұмыс істеген, 1991 жылы шырышты қабат иммунологиясынан докторлық диссертация қорғады. Шарман Алмаз Төрегелдіұлы ВИЧ инфекциясының таралуын методикалық оқулық құрастырды, соның көмегімен әлемде ВИЧ жұқтырғандар саны жеті миллионға азайды.