Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Менің бұл өмірге неістеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса « Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең- ақ, бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой- өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.