Қазіргі кезде ғылым мен техника дамып келеді. Бұл даму биосфераға тікелей ықпалын тигізуде. Экологиялық жағдай күн сайын төмендеуде. Табиғаты да бұрын - соңды болмаған өзгеріске ұшырауда. Көптеген аймақтарымызда техногенді шөлейттеніп, топырақ тозуда, су қоры тартылып жатыр, атмосфера ластанып, ормандар сиреді, табиғат бүлініп жатыр.