Кесте бойынша мәтіннен жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін теріп жаз.
Көшпелілер өркениеті - мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан жуймен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қаумдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл - далалы, жартылай шолейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200-400мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.