Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.перевод : найдите действие девушки в...

0 голосов
176 просмотров

Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.перевод : найдите действие девушки в тексте.Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.Бір күні қыз қарияға: - Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп: - Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.ответьте на вопросы : Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?очень срочно нужно, желательно на казахском с переводом. ПРОШУУУ


Қазақ тiлi (12 баллов) | 176 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.А.
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады.
2.В.
кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,

(192 баллов)