Жолбарыс мысық тұқымдасына кіретін (жыртқыштар жасағы) ең ірі заманауи аң. Оларға тән сыртқы белгі – қызыл-қызғылт сары немесе жирен-сары фонындағы қарама-қарсы қара немесе қоңыр тік жолақты тері. Дененің төменгі бөлігі әдетте ақ немесе ақсары. Ақ-қоңыр жолақты және көк көзді жартылай альбинос – ақ жолбарыстар кең таралған, бірақ алқызыл көзді және жарықтың айрықша түсуі кезінде ғана байқалатын жолақтары бар нағыз альбиностар өте сирек кездеседі