Егер сіз 21 ғасырдың жырауы болсаныз эссе.

0 голосов
93 просмотров

Егер сіз 21 ғасырдың жырауы болсаныз эссе.


Другие предметы (12 баллов) | 93 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Өмір жыры немесе қазақ әдебиеті ХХІ ғасыр парадигмасында Эссе04.09.2015257 рет оқылды Пікір жоқ

Бақыт Кәрібаева,
жазушы, филология ғылымдарының докторы

… Мен Майра Мұхаммед­қызының дауы­сынан «Алқоңырды» естіп қаларма екен­мін деп, түн ұзақ телеарна күзетемін. Міне, сонда небір «қысыр әңгімеге» қанып, «той жырына» тоямын. Телерна – халыққа тура жететін құрал, бар мәзір-жоқ жәйімізді осында базарлап қалғымыз келетіндей. Әрине, думанды халқымыздың жаны талмай ән іздейтіні – табиғи тілек. Адам жаны өзгермейді – талғам өзгереді.


Тілі-ділі бөлек бөтен жұрт абзал ұлдары бойын балқытып, буынына түскен сиқыр үнге тамсанса, қарабайыр өмір емес, киелі өнермен беттескен болар… Тоталитаризмнің темір пердесін ысырған нәп-нәзік Күләш емес, қазақ әнінің құдіреті болатын. Күләш жанының төзім жібімен бірге ән үзілді… «Қазақстан» телеарнасы кезекті бір ұпай-шоу үшін болса керек, «қазақ тілі» оқулығынан қазақша сөйлемдер оқып, қазақ тілінің мазақ-масқара халін көпшілікке ұсынғанда бойым мұздады. Бірақ, «жан ұшыра қашпадым». Не нәрсеге де тұра қарауға үйреніппін. Алайда, жарымжан әлгі жолдарды тыңдап отырып Абайдың: «ары кеткен алдағыш мені-ақ алда сөкпейін, балы тамған жас қайын ормасаңшы көктейін» – өлең жолдары ойымда қатар түзей қалды. Әлдеқайдан соққан өкпек жел өкпе-қолқамды қауып, жанымды қалтыратты. Қызық. Өмірде көзін көрмеген Күләш әні келеді құлағыма, осындайда. Нәзік жаны тоталитарлық қоғам шымылдығын бір сәтке болса да түріп тастағаны еске түседі. Алайда, дархан қазақ өнері екінші бір бұлбұлын ұсынып – туысынан Ақжүніс ару – Ақмарал сұлу Жаманова алтын жамбыдай жарқылдап Абай атындағы Опера театрының қақ жарып жыға келгенде, Күләш қайғысы бір сәт тарқағандай еді. Алайда, көп ұзамай оның да «ақ тауықтың қанындай» алау жүзіне әжім – көңіліне қаяу түсті. Тағы да көз жазып қалдық. Қазақ жаны кезінде бұлардан армансыз құмар қандырды.
Қазақ өнерінің-әнінің қара нары Ермекпен қоштасу сәтін де осы телеарна алдында отырып қарсылап алдым Жоғалту… Жоғалту… Әрине, өлмес өнер аспанымызда асқақтап тұрса бәлкім бұлар жоғалмас па еді?! Қазақ өнері сөнбес жұлдыздары руханиятты еш дертке бермес пе еді?! Сондықтан болар, қарашада жеткен Ермек ажалын аса салтанатпен қаралы күн санадым. Ұзақ сонар сөзге сенім аз, күдік көп. Ақылды Асанәлінің: «Ерекеңмен бірге ғасыр кетті» – деген сыңар сөйлемі еңсемді тіктеп алуыма себін тигізді. Бір сәт дана халқымыздың «орнында бар оңалар» сөзінің қызуына өртендім. Қаршадай қазақ қызы Дина Хамзина Біржан әнін Италия сияқты өркениет отаны сахнасынан салған дауысы құлағыма талып жеткенде, қазақтың өнер даналығын паш еткен Мұхтар Әуезовтың жүрек тереңіне қоса бойладым. Бұл ақыл мен сезім қосындысынан көз жазуға, көңіл суытуға бола ма?! Иә, сондықтан, өнерді қарабайырлауға қарсымын. Біржан әніне ессіз елтіген албырт Абайды ұлы ана Ұлжан тоқтатып: – Балам, той да көп, думан да көп тойлай берсе, ой да көп, уайым да көп, ой

(82 баллов)