Өтеген батыр- он сегізінші ғасырдың алғашқы жартысында,жоңғар шапқыншылығы мен күрескен, əйгілі батырлардың бірі. Ол ұлы жүзден шыққан. Шамамен 1699 жылдары дүниеге келген. Өтеген он бес жыл бойы жаулармен шайқасқан. 1723 жылы, ол Райымбек жəне Хангелді батырлармен бірге,жоңғарларға қарсы шайқасқан. Батыр 1740 жылы, Төле би жасағына қосылып, Іле өзенінің жағасында, жерді босатуға көмектесті.1756 жылы, Абылай ханның Қытаймен бітімге келу саясатына қарсы шықты. Ол отанына 17 жылдан кейін келді деген сыбыс бар. Алматы облысында Бозой мен Қарой елді мекендерінің арасында, батырдың атымен аталған жер бар. Ол 1773 жылы қайтыс болды деседі.